Елімізде жастар арасынан үздіктер іріктеліп жатыр
Солардың бірі Ерназар Жұбан. Ол Азияға дауыс диапазонының кеңдігімен танымал. Болгария, Украина, Беларусь, Латвия, Румыния және Швейцариядағы түрлі додаларға қатысып, жүлделі орындар алған.
Мәселен, биыл Витебскіде өткен «Славян базары» фестивалінде бірінші орынды иеленді. Ұстаздарының айтуынша, әнді 5 октаваға дейін еркін айтады. Одан бөлек, ел арасында ұмыт бола бастаған халық әндеріне қайта дем беріп жүр. Ерназар: «Қазақ өнерін дамытуға үлесімді қоссам», - дейді.
Ерназар Жұбан, халықаралық байқаудың жүлдегері:
- 15 елдің қатысушылары болды. Екі кезеңнен тұрды. Сол кезеңдерді бағындырып, елімізге жеңіс туын әкелдім. Надежда Эдуардовна Ильвес деген кісі, мені алып кетіп, оқытып, бағыт берген болатын. Мен бас тарттым. Мен классикалық әнші болғым келген жоқ. Жылдар өтіп, техникам шыңдалып, осындай дәрежеге жеттім.