Хабар телеарнасы

«Елім дегендер» республикалық байқауы қорытындыланды

Бүгін этнос өкілдері арасында өтіп жатқан «Елім дегендер» республикалық байқауы қорытындыланды. Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған шығармашылық байқауға қатысуға еліміздің әр түпкірінен 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар өтініш берген. Аймақтық іріктеу кезінде үздік атанған жас қатысушылар республикалық деңгейде өз өнерлерін көрсетті. Олар қазақ тілінде өлең оқып, шығармаларын таныстырып, көркем сөз өнерін паш етті. Түрлі номинация бойынша анықталған үздіктерге 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады.

Ақұлан Тастемір, ҚР МАМ Жастар комитеті басқармасының басшысы:
-Қазір балаға ана тілін, қазақ тілін үйретудің өзі ата-ана үшін қиын болса, өзге этностарды дұрыс сөйлеуге, көркем сөзге, ақындыққа, эссе жазуға тәрбиелеп отырған біздің біршама мұғалім жетекшілеріміз бар. Соларға ерекше алғыс айтқымыз келеді