Хабар телеарнасы

Елордада А. Байтұрсынұлының 5 томдық кітабының тұсауы кесілді

Бүгін елордада Ахмет Байтұрсынұлының 5 томдық және Мағжан Жұмабаевтың 3 томдық академиялық шығармалар жинақтарының тұсауы кесілді.

Бұл шараға Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Түркі Академиясы мұрындық болған. Ал ғалымдар Мәскеу, Петербор, Қазан, Ташкент, Орынбор кітапханаларынан ақындардың мұрасын жинақтапты. Араб, парсы тілін білетін шығыстанушы ғалымдар да атсалысқан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келер жылы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай таңдаулы еңбектерін жинақтап, жаңа кітап ұсынбақ. 

Назира Сәрсек, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері: 

- Ахмет Байтұрсынұлының жеке іс парағы өз қолымен жазылған. Бесінші томында мақалалары және құжаттар жинақталды. Онда 5 мың десятина жер деген сияқты "Қазақ" газетінде жарияланған, бұған дейінгі жинақтарға енбеген мақаласы енді. Мағжан Жұмабайұлының шығармаларына келетін болсақ, бұрынғы шығармаларымен қоса бұған дейінгі жинақтарда жарияланбаған бірнеше шығармасы бар.