Маңғыстауда халықты 112 млн теңгеге алдап соққан қылмыстық топ ұсталды. Олар еліміздің әр өңіріндегі тұрғындарды мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Сондай-ақ төмен бағамен автомобильдер мен жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату қызметтерін ұсынған. Қылмыстық топтың 3 мүшесі қамауға алынды. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орнына тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленген. Тергеу жалғасып жатыр.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы:
-Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталуда.