Ұлытау облысында мас күйде көлік басқарған 43 адам ұсталды. Тағы 26 жүргізуші ережені өрескел бұзып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін жауапқа тартылды. Қазір өңірде «Қауіпсіз жол» акциясы жүріп жатыр. Жүгенсіз жүргізушілердің ісі сотқа жолданды. Жалпы бір айға жалғасқан акция барысында полицейлер 3 мыңнан астам заңбұзушылық анықтады. Техникалық ақауы бар немесе тиісті құжатсыз басқарылған 293 көлік айып тұрағына жеткізілді. Тәртіп сақшылары жол ережесі әсіресе республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда жиі тіркелетінін айтады. Оның басым бөлігі ұшқышсыз басқарылатын дрондардың көмегімен анықталған.
Қайырбек Рақымбеков, ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
-«Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасының негізгі мақсаты жол-көлік оқиғаларын болдырмау және азайту. Бүгінге күнге бұл өзінің нәтижесін беріп жатыр. Кәмелет жасына толмаған балалардың арасында мопед жүргізушілер бар. 5 сәуірден бастап мопедтер тіркеуде болуы керек. Сол мопедтермен қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп жатыр.