Павлодарда онлайн-дүкендер арқылы вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында вейптерді сату Telegram мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізілген. Күдіктілер кірістерді заңдастыру үшін жалған тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланған. Жедел іздестіру шаралары барысында тауар сақтайтын қоймалар мен сату орындары анықталды. Еске сала кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес, 2024 жылғы 20 маусымнан бастап вейптерді, дәмдеуіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіру, сату және тарату қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады.
-Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді. Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлікке тыйым салынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда