Бір медициналық кереуеттің бағасын 1 миллион 200 мың теңге деп үш есе қымбат етіп көрсеткен.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының лауазымды тұлғаларына аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Олар 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалғаны анықталды. Алайда медициналық кереуеттердің нақты құны 460 мың теңгеден аспаған. Осылайша бағалар негізсіз үш есеге көтеріліп, мемлекетке 129 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды.