Перизат Қайраттың ісі бойынша 47 адам жәбірленуші деп танылды. Олардың қатарында білім беру саласының қызметкерлері мен ата-аналар да бар.
Мәселен, тасқын кезінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері "Біз біргеміз" қорына 3 млн теңгеге жуық қаржы жіберген. Бұл туралы сотта педагог, куратор Жанерке Сатқымбекова айтты. Ал мектеп ата-аналары шамамен бір миллион теңге жинап беріпті. Алайда бұл қаражаттың да мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды.
Зардап шеккендерден жауап алу кезінде Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева өзін жайсыз сезініп, үзіліс жарияланды. Қазір сот материалдарының 73-томы қаралып жатыр