Алматы облысында алаяқ 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

  • 71
  • 25.07.2025, 18:34

Алматы облысында «әкімдік қызметкерімін» деп жұртты алдаған алаяқ 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 47 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны «Мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша төмен пайызбен пәтер рәсімдеп беремін» деп тұрғындардан 110 млн теңге алған. Күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Ол тұрғындарға сот отырыстарына дейін қайтарылмаған 75 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді. Полиция қызмектерлері мұндай жағдайда өте сақ болу керектігін ескертеді. Алаяқ Семей қаласындағы түрмелердің бірінде жазасын өтейді.