Бүгін таңда «Қызылсай–Шымкент» теміржол өткелінде автокөлік тепловозбен соқтығысты. Бұл пойыздардың жүру кестесіне әсер етті. Үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сағат 07:18-де қозғалыс толық қалпына келтірілді. «Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметі бойынша жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдына шығып, жол ережесін бұзған. Қаза тапқандар жоқ. Алайда жүргізуші ауруханаға жеткізілді.