Түркістанда темекі өнімдерін заңсыз өндірген азаматтарға сот үкімі шықты

  • 63
  • 13.08.2025, 18:33

Түркістанда түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу дерегі бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Істі қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті жүргізген. Жалпы арнайы операция барысында аумағы мың шаршы метрді құрайтын цех жойылған. Онда күн сайын 30-дан астам адам жасырын түрде жұмыс істепті. Өнім дайындалып, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сатылған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Заңсыз айналымнан тыйым салынған 635 қорап дайын өнім мен азаматтардың денсаулығына зиян 57 канистр хош иістендіргіштер мен уытты қоспалар тәркіленді. Сот санкциясымен өндірістік жабдықтар мен қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған автокөлікке тыйым салынды. Сот заңсыз бизнестің ұйымдастырушыларын кінәлі деп танып, оларға айыппұл жазасын тағайындады. Автокөлік пен жабдықтар мемлекет кірісіне тәркіленді.