Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы ₸88 млн жымқырылған

  • 11
  • 14.08.2025, 18:31

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі өзінің қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған. 

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігін коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсаған. Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі: 

- Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.