Павлодар облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілері анықталды

  • 9
  • 06.10.2025, 19:47

Павлодар облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілері анықталды. Прокурорлық арнайы тексеріс кезінде бірқатар компанияның рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды. Мысалы, Баянауыл ауданында «IBM Gold» ЖШС жыл басынан бері экологиялық рұқсаты болмаса да алтын мен күміс өндіріп келген. Бұл табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына қайшы.

Ерлан Төлеков, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі:

- Заңсыз жер қойнауын пайдаланумен тағы 11 кәсіпорын айналысқан. 8 жағдайда пайдалы қазбалар шарттық аумақтардан тыс жерлерде өндірілген. Сондай-ақ өндіріс шарттарының мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де анықталды. Барлық құқықбұзушылықтар бойынша тиісті, соның ішінде процестік шаралар қабылданды.