Семейдегі Жансая базары маңындағы теміржол өткелінде 23 жастағы жігітті пойыз қағып кетті. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға 19 қазан күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, жігіт теміржолдан өтпек болған. Қатты соққыдан ер адам рельске құлап, пойыздың астында қалған. Дәрігерлер оның оң аяғына ампутация жасады. Қазір жігіттің жағдайы тұрақты. Ем қабылдап жатыр. Бұл осы өткелде болған алғашқы жағдай емес. Бірнеше ай бұрын дәл осы жерде әйел адам пойыз астына түсіп, қайтыс болған еді.
Дарын Бақтыбаев, политравма бөлімінің меңгерушісі:
-Науқас бірнеше ауыр жарақат алған. Оның бас миы шайқалған және оң аяғы орта тұсынан ампутацияланды. Сонымен қатар сол жақ қабырғасы сынып өкпесіне зақым келген. Жігіттің жағдайы тұрақтанған соң, политравма бөліміне ауыстырылды. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында жағдайы орташа ауыр. Ербол Қожакәрім, желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:- ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Сол себепті біз қала тұрғындарын ескертеміз. Халықты пойыздың жолына шықпауға, теміржол қауіпті аумақ екенін ескертуге.өздеріне сақ болып өтерде наушник тақпауға, қалың киім капюшон киіп өтуге тыйым саламыз. Ескертеміз халқымызды, өз өмірі өз қолдарында.