Шымкентте ағаш құлап, жасөспірім қаза тапты

  • 1294
  • 12.02.2026, 21:45

Шымкентте ағаш құлап, баланы басып қалды. Алған жарақат салдарынан жасөспірім оқиға орнында жантәсілім етті. Болжам бойынша, ойнап жүрген жеткіншек қарлы жаңбырдан иіліп тұрған талды өзіне қарай тартқан болуы мүмкін. Қайғылы жағдайға қатысты ҚР ҚК 254 бабы бойынша іс қозғалды. Жалпы қазір коммуналдық мекемелер қаладағы қалың қарды шығарып жатыр. Ал ТЖД қызметкерлері апат салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

Нұрдәулет Ерғали, қалалық ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:

-11 ақпан күні ТЖД қызметкерлері 27 шығуды тіркеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖД қызметкерлері авариялық құтқару үшін жалпы саны 18 рет шықты. Зардапты жоюға 18 жеке құрам және 6 бірлік жұмылдырылған.