Жылыту маусымы басталғалы 2864 өрт тіркелді

  • 14
  • 13.03.2026, 21:42

Құтқарушылар халыққа өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үндеу жасады. «Пешті жиі тексеріп, отты барынша мұқият қолдану керек»,- дейді мамандар. Себебі осы жылыту маусымы басталғалы еліміз бойынша 2800-ден астам өрт тіркеліпті. Салдарынан 113 адам түрлі дене жарақатын алса, тағы 150 азамат көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға аз. Жылыту маусымы әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан профилактикалық іс-шараларды жүргізу маңызды. Оның аясында бүгінге дейін 110 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріліпті. 12 мың мұржа тазартылып, 2,5 мыңнан астам үйдің электр желілері жөнделген.

Руслан Қайрақбаев, ҚР ТЖМ комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

- Көбінесе өрттің шығуына электрожылытқыш, пештің басқа да жылыту аспаптары себеп  болады. Адамдар көп жиналатын орындарда оқыту, бейнероликтерді көрсету, LED экранлдарды пайдалану белсенді жалғасуда. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жариялануда.