Жетісу облысында төрт бала суға кетті

  • 7
  • 29.06.2026, 19:38

 Жетісу облысында өткен демалыс күндері 2 мен 13 жас аралығындағы төрт бала суға батып қайтыс болды. Қайғылы оқиғалар Қаратал, Кербұлақ аудандарында және Балқаш көлінде тіркелді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәлеметі бойынша бақытсыз жағдайларға ересектердің бейқамдығы себеп болған. Кәмелетке толмаған жеткіншектер суға түсуге тиым салыған жерлерде үлкендердің қарауынсыз шомылған. Облыс аумағы бойынша тек төрт жерде, яғни Балқаш көлінің жағалауында, Талдықорғандағы коммуналдық жағажайда, Алакөлдің бойындағы Ақши, Көктума ауылдарындағы демалыс орындарында ғана шомылуға рұқсат етілген. Жыл басынан бері өңірде 6 адам суға батып кетті. Мұндай оқыс жағдайға жол бермеу үшін құтқарушылар мен тәртіп сақшылары және еріктілер бірлесіп алдын алуға арналған  рейдтер өткізіп тұрады.

Бағдат Тыныбеков, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Негізгі күш-жігеріміз Алакөл мен Балқашқа бағытталған. Көлдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 40-тан астам құтқару тобы жұмылдырылған. Сонымен қатар полиция бөлімі, жедел әрекет ету арнайы отряды және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімінің әскери қызметкерлері де тартылған. Оларға еріктілер көмектесіп жатыр.