ҚМА атын жамылған алаяқтар 15 млн теңге талап еткен

  • 3
  • 17.08.2026, 19:35

Түркістан облысында 15 миллион теңге талап еткен алаяқтар ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, екі адам өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, медициналық ұйым басшысынан қомақты пара талап еткен. Күдіктілер мекеме басшысын сізде «заңбұзушылық анықталды, енді қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз», - деп қорқытқан. Кейін істі жылы жабамыз деген сылтаумен 5 миллион теңгесін алған. Алайда онымен тоқтамаған. Араға уақыт салып, тағы 10 миллион беруді талап еткен. Алаяқтар 8-ші тамызда қылмыс үстінде ұсталды.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- ҚМА ескертеді: азаматтарды жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе жазадан құтылуға көмектесуге уәде беріп, ақша талап ету — заңсыз әрекет. Мұндай фактілер туралы ҚМА-ның Call-орталығына 1458 нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет. Азаматтарды қаржылық мониторинг органдарына шақыру тек өндірістегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде, заңда белгіленген тәртіппен ресімделіп, жолданған ресми шақыру қағаздары негізінде ғана жүзеге асырылатынын ескертеміз.