Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 9
  • 25.09.2026, 18:30

Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні. Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Мемлекет басшысы кеше тиісті өкім шығарғанын айтқан едік. Бүгін елдің барлық аймағындағы мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын- сауық хабарлар тоқтатылды.

Сарбаздардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іс «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» баптары бойынша қаралып жатыр. Үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Комиссияға жетекшілік ететін Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев оқиғаның мән-жайын қысқа мерзімде анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қаза болғандардың отбасыларына мемлекет тарапынан қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін де атап өтті. Көмек көрсеткісі келетін азаматтардан да өтініш түсіп жатыр. Мысалы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әр шаңыраққа 25 миллион теңгеден бөлді.