Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды

  • 9
  • 05.10.2026, 18:38

Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьясына қатысты сот үкімі шықты. Оларға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Аталған тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Атап айтқанда, олар ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұсталған.