Алматы облысында биылғы жылыту маусымы басталғалы бері 46 өрт оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда құрбан болғандар жоқ. Ал былтыр екі адам қаза тауып, тағы екі адам ыстан уланған еді. Өткен жылмен салыстырғанда шақырту 40 пайызға азайған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралап, пештердің жай-күйін тексеруге кірісті. Профилактикалық іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жеке тұрғын үйлерге улы газды ерте анықтайтын жаңа құрылғылар орнатылады. Былтырғы жылыту маусымында олар 228 рет іске қосылып, қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен.
Нұржан Нұғыманов, ТЖД басқарма бастығы:
-Біздің ең қазіргі басты назарымыздағы әлеуметтік осал топтағы отбасылары, сол кісілердің отбасыларын аралап, пешті қолдану түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, улы газды ерте анықтайтын датчиктер орнатып, сондай жұмыстар атқарып жатырмыз. Бүгінгі уақытқа алатын болсақ, 300-ден астам улы газды ерте анықтайтын датчик орнатылды. 2025-2026 жылғы жылыту маусымында 500-ден астам орнатылған болатын.