Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Шекарашылар 593 мың қорап темекі мен 14 мыңға жуық вейп тәркіледі

  • 6
  • 19.11.2026, 18:22

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі құны 510 миллион теңгеден асатын темекі өнімдері мен электронды темекілердің заңсыз тасымалына тосқауыл қойды.

Мәселен, жақында ғана Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу бекетінде 593 мың қорап темекі тәркіленген. Сонымен қатар Жамбыл облысындағы шекара аумағында 13 мың 960 дана вейп анықталды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 20 маусымынан бастап вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға заңмен тыйым салынған. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша материалдар тиісті органдарға жолданды.