Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір отбасы ауруханаға түсті
4 адам жақында ғана Тайландқа барып демалып келген. Дәрігерлердің айтуынша, ерлі-зайыпты мен екі баласы елге келгеннен кейін жөтеліп, дене қызуы көтерілген. Қазір жанұя жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем қабылдап, қатаң бақылауға алынды.
Олег Завьялов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
- Бұл отбасы «А» тұмауымен ауырып қалған. Қазір жағдайлары тұрақталды. Төртеуі де ем-дом қабылдап жатыр. Олардың нақты қашан шығатынын айта алмаймын. Ол зерттеу қорытындысы бойынша белгілі болады.