Екібастұзда тағы да құбыр жарылды
Қалада қазір 15 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр. Олар түні бойы Екібастұздың басым бөлігіндегі жылу құбырларын қалпына келтірді. Қазір 5 әлеуметтік және 20 шақты заңды тұлғаларға тіркелген ғимараттар мен көптеген көпқабатты үй жылусыз отыр. Сол себепті қалада төтенше жағдай жарияланды. Мамандар жылу жүйесінің жағдайын жіті тексеруге кірісті.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
- Қаладағы жылу жүйесінің 90% тозығы жетіп тұр. Сондықтан оны жаңғыртудан өткізу қажет. Алдағы жарты жылдың ішінде техникалық аудит бойынша тексеру жүргіземіз. Содан кейін барып қана нақты шешім қабылданады.