Петропавлда қатарластарын жарақаттаған бала психиатриялық есепте тұрған
Белгілі болғандай, күдікті бірінші тоқсанда депрессиядан емделген. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ата-аналардың айтуынша, жасөсіпірім осындай қадамға «Лесоруб» деген ойынның әсерінен баруы мүмкін. Енді оның анық-қанығын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Жантүршігерлік жағдайдан кейін барлық мектепте тексеріс жүргізіледі. Естеріңізге салайық, таңертең қаладағы №4 орта мектептің оқушысы балта, пышақпен 3 баланы жарақаттады. Қазір оның екеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Ал біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Владислав Горбаченко, жәбірленуші:
- Мен дәретханаға кіріп бара жатқанда алдымнан ол шығып балтамен ұра бастады. Маска киіп алған. Қолында тағы пышақ болды.
Қайсар Әбішов, қала прокурорының орынбасары:
- Осы кәмілеттік жасқа толмаған бала психиатриялық есепте тұрған. Ауруханада жатқан. 2021 жылы ол бала сол психиатриялық деспанцерде жатқан. Диагнозы қазақша депрессия.