Риддерде төтеше жағдай жарияланды
Күні кеше №6 қазандықтың жанармай беру галереясында жарылыс болды. Оның қуаты шамамен 80 шаршы метр, қоршау құрылымын қиратып жіберген. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, Риддер жылу электр орталығындағы жағдай күн санап ушығып барады. Бұған дейін төртінші және бесінші қазандықтан өрт шыққан еді. Қазір 2 қазандық жұмыс істеп тұрса, төртеуі жөнделіп жатыр. Жүйедегі жылу мөлшері 35-40 градус шамасында. Жылу станциясы иесінің қарызы 3 млрд теңгеден асып кеткен. Жылу орталығына атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы тексеру жүргізбек. Нәтижесі 10 күннен кейін жарияланады. Ал әзірге Риддер жылу мекемесіндегі жағдай жергілікті билік бақылауында.
Даниал Ахметов, облыс әкімі:
- Біз станциядағы жағдайды өз жауапкершілігімізге алуға мәжбүрміз. Кәсіпорынды мазутпен,көмірмен және электр энергиясымен қамту мәселесін шештік. Бұның барлығы жылу маусымын аяқтауға септігін тигізетін ең маңызды шаралар деп санаймыз.