Абай облысындағы орман өрті Әулиекөлден де ауқымды
Абай облысындағы орман өрті былтырғы Әулиекөл ауданындағы өрттен әлдеқайда үлкен. Әулиекөлде 43 мың гектар алқапты қызыл жалын шарпыса, шығыста қазірдің өзінде бүлінген жасыл желектің аумағы 60 мың гектардан асып кетті. Қостанай облысындағы табиғат апатынан 1 адам қаза тауып, 91 тұрғын үй жанып кеткен еді. Ал Семей өңірінде әзірге баспаналарға төніп тұрған қауіп жоқ. Дегенмен бірнеше орманшының көз жұмғаны бұл жолғы оқиғаның қаншалықты күрделі екенін көрсетіп отыр.