Кентауда 92 адам астан уланды
Кентауда 92 адам дәмханадағы астан жаппай уланды. Соңғы дерек бойынша оның 41-і бала, ересектер саны 51-ге жеткен. Ал 60-тан астамы жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. «Ризық Раяна» орталығында жоспардан тыс тексеру басталып, нысанның қызметі уақытша тоқтатылған. Мәселен, 20 қызметкердің 12 ғана медициналық бақылаудан өткен кітапша бар болып шықты. Бұдан басқа да кемшіліктер кездескен.
Еске сала кетейік, бұған дейін аталмыш тамақтану орнында жаппай уланудың 2 дерегі тіркелген. Мәселен, былтыр қазан айында 168 адам астан ұшынған еді. Талаптарды ескермеген орталықтың әрі қарай жұмыс жасауына халық наразы.
Асқар Ысқақов, Түркістан облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Тауарларды қай жерден алғанын шикізат өнімдерін ешқандай сертификаты жоқ. Ешқандай шот-фактура жоқ. Әр жерден бір алып, анализ алу барысында да байқадық, 4 фирманы крылышкылары төрт фирманың крылышкылары тұр. Ол қай жерден келген, қай базардан келген немесе қай мекемеден әкеп доставка жасаған ба, белгісіз. Осындай жағдайлар өте көп орын алған.