Ақмола облысында 5 орман өрті тіркелді
Оның екеуі сөндірілсе, үшеуін ауыздықтау мүмкін болмай тұр. «Өрттің өршуіне негізінен найғазай себеп»,-дейді мамандар. Жалпы жыл басынан бері аймақта қанша өрт тіркелді?
Ақмола облысында өрт дерегі жиілеп кетті. Мысалға, былтыр осы уақытта 37 өрт тіркелсе, биыл екі есеге өскен. Әсіресе аудандардағы жағдай қиын. Бүгінде Біржан сал мен Бурабай ауданындағы өрт сөндірілсе, Шортанды, Ерейментау және Қорғалжын аудандарындағы қызыл жалынның әлі бет қаратпай тұр. Ал орман өртінің көбеюіне күннің ыстығы мен найзағай себеп.
Владимир Квочкин, Ақкөл орман шаруашылығының бас инженері:
- Бізде былтыр небәрі 7 өрт дерегі тіркелсе, биыл жарты жылдың ішінде 8 өрт сөндірілді. Оның төртеуі найзағайдан болды. Айта кетейік, найзағай көбінесе ағашқа түсіде. Кейін жердегі қурағақ шөпке жетеді. Ал жауын-шашын болса ол бірер күн бықсып жатады да, шөп құрғаған кезде қайта тұтануы мүмкін.
Жалпы тілсіз жаудың тұтанғанын әуе патрулінің көмегімен бірден анықтауға болады. Бірақ бүгінде барлық аймақта ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Тек жеті ауданда ғана әуе патрулі бар.
Александр Трубицын, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бөлімшесінің ұшқышы:
- Ауа райы қолайсыз, жауын-шашын немесе найғазай болса ұша алмаймыз. Жалпы біздің әуеден күнделікті бақылауымызға орташа есеппен екі сағат кетеді. Маршруттың ұзындығы – 300 шақырым. Егер біз әуеден қандай да бір түтін көрсек, бірден орталыққа хабарлаймыз. Сондай-ақ өрттің аумағы мен орнын анықтаймыз.
Думан Далешов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы:
- Тілсіз жаудың алдын- алу мақсатында бізде арнайы құрам жасақталды. Онда 105 адам мен 10 бірлік техника бар. Бұдан бөлек қосымша күш ретінде 200 жуық техника мен жеке құрамның 900 құтқарушысы жасақталды. Біз биік жерлерге үш бақылау мұнарасын орнаттық.
Бұдан бөлек өңірде 214 адамнан тұратын 56 мобильді топ құрылды. Олар жыл басынан бері 1 мыңға жуық рейд жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігін бұзған 124 адам әкімшілік жауапкершілікке тартырлды.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный