Хабар телеарнасы

Түркістанда зейнеткер лифт шахтасына құлап, мерт болды

Түркістан қаласында 74 жастағы әжей лифт шахтасына құлап, мерт болды. Қайғылы жағдай жаңа қала ауданындағы 6-шы үйде болған. Тұрғындар мұндағы жеделсатының жиі бұзылатынын айтады. Талай адам ішінде қамалып та қалған. Тіпті үлкен кісілердің жүрегі қысылып, жедел жәрдем шақырған кездері де болыпты. Ашынған тұрғындар: «Осы мәселені шешіп беріңдер деп жауаптыларға талай мәрте ескерткенбіз», - дейді. 

Рима Сапарбаева, қала тұрғыны:
-Лифт бұзылып тұрған. Бірақ ешқандай қауіпсіздік шаралары болмаған. Подъездімізде жарық жоқ. Лифтіге міндім деп ойлаған, ол кезде лифт кабинасы жоғары да тұрған. Бұл кісі кіріп, ішіне түсіп кеткен. Ол адамның жатып қалғанына 40-50 минуттай болған. Ешкім естімеген.

Талғат Үсенбаев, қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
-Бұл азаматша лифтің ішіне белгісіз жағдайда кіргендағы жертөлеге құлаған деген хабар жетті бізге. Төтенше жағдайлар мамандары келіп, есігін бұзып ашып алған. Қалай құлағаны бізге де беймәлім нәрсе. Қасында ешкім болмаған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама нәтижесімен нақты мәлімет ұсынамыз.