Майқайыңдағы автобус апаты: қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі
Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішінде қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына 4,5 млн теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына әлеуметтік төлемдер тағайындалмақ. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі мәлім етті.
Ал полиция кеніштегі оқиғаны тергеуге кірісті.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 4 қараған түні «Майқайыңалтын» кенішінің тазарту кеңістігіне жолаушылар мінген автобус құлап кеткен еді. Шыңыраудың тереңдігі - 150 метр. Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Екі азаматтың денесі табылып, олардың жеке басы анықталған. Кен орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Олег Трещев, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
- «Майқайыңалтын» кәсіпорнында жер қыртысының үнемі опырылуы салдарынан құтқару жұмыстарын жүргізу оңай болып жатқан жоқ. Астана және Екібастұз қаласынан келген екі кинологиялық топ іске кірісті. Барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылған.