Тасқын кезінде 24 мыңнан аса саяжай зардап шеккен
Ең көбі – Батыс Қазақстан облысында. 15 мыңнан астам. Арнайы тексеріс нәтижесі бойынша апаттан зардап шеккен өңірлерде жалпы саны – 1 мың 586 саяжай қайта салынуы керек. 1 мың 487 баспана жөндеуден өтуі керек.
Дегенмен саяжайдағы үйінен айрылғандарға баспана беріледі. Оның үш ережесі бекітілген. Бірі - жаңа тұрғын үйден пәтер берілсе, екіншісі - қайталама нарықта дайын тұрған үйді сатып алады. Үшінші тетік - қолданыстағы тұрғын үйге жөндеу жүргізіледі. Оның шығындары әкімдік тарапынан өтеледі.
Ескере кетері, зардап шеккен азаматтың атында саяжайдағы үйінен басқа жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс.
Меруерт Ибраева, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры:
- Министрлік тарапынан екі түрлі жоба әзірленіп, сараптамадан өткізіліп, өңірлерге жіберілді. Алғышқысы – 80 шаршы метрлік бір пәтерлі тұрғын үй. Оның құрылысы шамамен 1,5 айдай құрайды. Құны 22,5 млн теңгені құрайды. Екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы бар. Құрылыс мерзімі 2,5 айды құрайды. Құны – 41 млн.