Өскеменде полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті
Өскеменде жеке көлігімен жүйткіп келе жатқан полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. Полиция департаментінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған азамат оқиға орнынан ес жимастан көз жұмған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда апат болған «Малая объездная» көшесі - көлік нөмірі ең көп бағыттардың бірі. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Гүлнұр Түсіпова, ШҚО ПД Ақпараттық саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
-«Малая объездная» көшесінде полиция қызметкері өзінің жеке автокөлігін басқара отырып, рұқсат етілмеген жол бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Аталған оқиға орнында алған дене жарақатынан жаяу жүргінші қайтыс болды, факт бойынша қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.