Хабар телеарнасы

Жасанды интеллект технологиясын қарқынды дамыту керек – Қ. Тоқаев

Биыл eGov порталында жасанды интеллект технологияларын қолдану қарқын алуы тиіс. Жыл соңына дейін «Электронды үкімет» жүйесіне де енгізіледі. Сондай-ақ Smart City жобаларында кеңінен қолдануға мән берген жөн.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолданудың біртұтас жүйесін құруды тапсырды. Қазір елімізде 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Astana Hub-тың барлық бастамалары өңірлердегі IT компанияларға қолжетімді. Шетелдік IT-мамандарды тарту үшін «Цифрлық көшпенділер» деп аталатын жаңа бағдарламалар іске қосылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Адам капиталын дамытуды және жоғары оқу орындарын білім беруден ғылыми-зерттеу тәсілдеріне көшіруді көздейтін AI-Sana жасанды интеллектіні оқыту бағдарламасының маңызы артып келеді. Үкімет цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолданудың біртұтас жүйесін құруға тиіс. Үкіметке мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жасанды интеллект технологиясын енгізу жұмысын қолға алуды тапсырамын.