Хабар телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры 240 млрд теңгелік 104 жобаны қаржыландырған

«Қазақстан халқына» қоры құрылғалы үш жылда 186 млрд теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Жобалар ауылдағы білім беруді, денсаулық сақтау жүйесін, инклюзивті спортты дамытуға және  халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Серіктестердің, донорлардың және облыс әкімдіктерінің қолдауымен игі істер атқарылып келеді. Бүгіннің өзінде елді мекендер мен аз қамтылған отбасылардың 3 мыңға жуық баласы оқу орындарында білім алып жатыр.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы:

- Қордық қайырымдылық жобалары Қазақстанның әр аймағында бар және ауылдарды, моно және шағын қалаларды қамтиды. «Қазақстан халқына» қоры өз қызметінде 104 қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларына бастамашы болды, оның 62-сі аяқталды. Оларды жүзеге асыруға 240 млрд теңге бөлінген.