Хабар телеарнасы

Қазақстан футбол құрамасы Даниямен екі матч өткізеді. Спорт жаңалықтары

Командалық спорт түрлерінің ішінде еліміздің футзал құрамасында абырой бар. Яғни жігіттер жеген нандарын ақтап жүр. Бірнеше жылдан бері байрақты бәсекелерге қалмай қатысып келеді. Жәй ғана қатысып емес, азулы командалармен үзеңгі қағыстырып, жүлдеге бір табан жақын жүр. Ең бастысы, командада ауызбіршілік бар. Өзіндік ойын үлгісі қалыптасқан, және жігітттер табыстан намысты биік қояды. Өткен жылы ғана әлем біріншілігінде айдарынан жел ескен Испанияны сан соқтырған жігіттер енді Еуропа біріншілігіне баруды күн тәртібіне кіргізді. Қазір осы мақсаттарына жету үшін тер төгіп жүр.

Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен топ бастап келеді. Бірақ Армения мен Албандар өкшелеп қалды. Ақпан айында Кака шәкірттері Даниямен екі ойын өткізеді. Алдымен 1-ші ақпан күні сырт алаңда, одан кейін 5-ші ақпанда Астанада қабылдайды. Өкінішке қарай жарақаттарына байланысты Алберт Ақбалықов пен Шыңғыс Есенаманов бұл ойындарға қатыса алмайды. Десе де жігіттер осы екі ойында ұпайдан шашау шығармау үшін Астанада жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр.