Қорғаныс министрлігі ел мерейін асқақтатқан армия спортшыларын марапаттады
Қай салада болсын жыл соңында үздіктерді құрметтеп, төрден орын беріп жатады. Қорғаныс министрлігі де жыл он екі ай бойы әртүрлі жарыстарда ел мерейін асқақтатқан армия спортшыларын марапаттады. Расында биылғы жыл әскерилер үшін табысты болды деп айта аламыз. Спорт шыңының ұшар басы Олимпиада ойындары десек, төртжылдықтың басты додасында алған жеті жүлдеміздің төртеуі армияшыларға тиесілі. Атап айтсақ, Ғұсман Қырғызбаев пен Ислам Сәтбаев, Нариман Құрбанов пен Демеу Жадыраевтардың жеңісі жұрт есінде. Қазақ күресінен «Қазақстан барысында» қатарынан екі жыл армияшылардың асығы алшысынан түсті. Біздің Бас қолбасшы әскери спорт колледжін құру туралы ұсынысымызды қолдады. Бұл Қарулы күштер үшін де, мемлекетіміз үшін де спортты дамытудың тағы бір қадамы. «Жастардың лайықты білім алуы және болашақта спортта жоғары жетістіктерге жетіп, өз әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасаймыз»,– деді министр Руслан Жақсылықов. Жиын соңында қорғаныс министрі ел спортының мықтыларын арнайы медальдармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Астанада футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Өзбекстан мен Қырғызстан, Ресей мен Қазақ өрендері қатысқан жарыс тартысқа толы болды. Аладоп аламанының қортындысы бойынша жергілікті «Жеңіс» жеңіске жетті. Олар финалда қырғыз елінен келген «Мурас» командасынан басым түсті. Үштікті «Астана» клубының шәкірттері түйіндеді. Жекелей номинациялар бойынша «Звезда Пермь» командасындағы Данил Ощепков «Үздік ойыншы» деп танылса, «Үздік шабуылшы» атағы «Мурас Юнайтед» ойыншысы Чынторо Асановқа бұйырды. «Бунедкор Ташкент» командасындағы Акобир Мухаммадиевке «Үздік қорғаушы» атанды. Айта кетейік, бұл жарыс Астанада екінші рет өткізілді. Алғашқысы наурыз айында болған еді. Мамандар келер жылы да бұл жарыстар жалғасын табады деп отыр.
Былғары қолғап шеберлері Сарыарқада бас қосады. Боксшылар енді бір апта бойы арқа төсінде кім мықтыны анықтайды. Қарағандыда бокстан жылдың қорытынды жарысы ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді. Алғашқы іріктеу кезеңі ертең 18 желтоқсан күні басталады. Биылғы ішкі біріншілік те тарысты болғалы тұр. Өйткені жастар арасынан қосылатын қыз-жігіттер бар. Бұған қоса, кәсіпқой бокстан оралған жерлестеріміз де осы жарыста бақ сынап көрмек. Іріктеу кезеңдері алдағы сенбіге дейін жалғасады. Одан кейін ширек финал, жартылай финал және финалдық кездесулері күтіп тұр. Аталмыш жарыста отандық мамандармен қатар шетелдік төрешілер де қызмет етеді. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға әзірлікке кіріседі.
Авторы: Жандос Айтбайұлы