Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары жалғасып жатыр. Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты іс-шарадан соң, мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды.