Хабар телеарнасы

Қарағандыда биіктен құлаған құрылысшының өліміне қатысты тексеру басталды

Оқиға жаңадан салынып жатқан зауыт аумағында болған. Қазір Еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, тексерісті бастады. Оның құрамында мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші, кәсіподақ және жұмысшылардың сенімді өкілдері бар. Бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Әсем Қасымова, Қарағанды облыстық Еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік инспекторы:

- Монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары кезінде жоғарыдан мердігерлік компанияның жұмыскері құлаған болатын. Сол себепті арнайы тергеп, тексеру комиссиясы құрылып, оның нәтижесі бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Еңбек кодексі бойынша 10 жұмыс күнінен 30 жұмыс күні мерзіміне дейін болуы мүмкін.