Хабар телеарнасы

Ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай: тағы үш жұмысшы қайтыс болды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы үш жұмысшы ауруханада қайтыс болды.

Денсаулық сақтау басқармасының мамандары денесінің 90%-і күйген 25 жастағы жұмысшының кеше кешке көз жұмғанын, түнде тағы 2 жұмысшының жан тапсырғанын хабарлады. Бірі 43, екіншісі 37 жаста еді. Ал 27-ші шілдеді 31 жастағы азамат қайтыс болды. Астанадан барған дәрігерлер барын салғанымен, оларды аман алып қала алмады. Ауруханада тағы 4 науқас жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. Ал екеуі интенсивті терапия бөлімінде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде зауытта төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті. Қазір арнайы комиссия өндіріс орнында тексеріс жүргізіп жатыр. Әрі қылмыстық іс қозғалған.

Берік Төлеубаев, Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы:

- Екі науқас тәуір бола бастағандықтан, жалпы палатаға ауыстырдық. Ал екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Оларға қажетті ем-дом көрсетілуде.