Қазақстан Президентінің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

  • 2399
  • 13.05.2021, 19:10

Атап айтсақ, Түркия Президенті, Сауд Арабиясының Королі, Иордания Королі, Кувейт әмірі мен Кувейттің Тақ мұрагері, Иран, Палестина, Йемен, Сингапур Президенттері, сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас хатшысы мен Иерусалим Патриархы Мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және табыс тілеп, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.