Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
  • 26
  • 21.07.2025, 11:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.