Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті
  • 17
  • 23.08.2025, 15:10

Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер  Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.