Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды.
«Парасат» ордені 3 еңбек ардагеріне және «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» филиалының басшысына берілді. «Құрмет» орденімен 2 еңбек ардагері, бас геолог және мұнай-газ өндіру операторы марапатталды. III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені 11 қызметкерге табысталса, ал 12 адам «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Құндыз Нупов, Еңбек ардагері:
- Президенттің қолдауымен осындай марапаттарды алу бәрін көрсетіп тұр – мұнай-газ бен энергетиканың орнын біздің экономикада басқалары алмастырады. Сондықтан біз тағы да алғыс білдіреміз.
Қалия Ермышева, Еңбек ардагері:
- Бүкіл жанұямызбен бірге еңбек еткен жылымыз 150 жылдай болыпты. Мен бұл үшін өте ризамын. Осындай жасқа келгенде ұмытпай, марапаттап жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын.