Қ. Тоқаев ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

Қ. Тоқаев ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді
  • 5
  • 14.11.2025, 14:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.