Депутаттардың рөлі енді азаматтар мен атқарушы билік арасындағы делдал ғана емес, шешімдерді ұсынатын және олардың орындалуын бақылайтын институт деңгейіне көтеріледі. Еліміздің жетекші заңгерлері, ғылыми институттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған жаңа парламентаризм моделін талқылады. Пікірталас кезінде Парламенттің алдағы құрылымы, оның жаңартылған құқықтық мәртебесі, депутаттардың өкілеттігі мен міндеттері жан-жақты қаралды. Реформаның тағы бір маңызды тұсы – бұрын Сенатта болған заң шығару бастамасын тоқтату құқығының жойылуы. Бұл Мәжіліс пен Сенат арасындағы функциялардың қайталануын азайтып, заң шығару процесін жеделдетеді. Сарапшылар Парламент енді халық үшін өкілдік ететін органға айналады деп отыр.
-Менің ойымша, партиялық тізіммен сайлау өткені дұрыс. Біріншіден, жергілікті элиталардың ұсынысын жоққа шығарамыз. Екіншіден, біз халықтың саяси мәдениетін жоғарылатамыз. Үшіншіден, жеке адам мүддесі мен мемлекеттік мүдде алдыңғы қатарға шығады.