Алматының кәсіптік білім беру саласы «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылады

  • 11
  • 24.12.2025, 18:44

Алматыдағы 88 кәсіптік колледжде 90 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Олардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру үшін әлеуметтік серіктестік аясында кәсіпорындармен 121 меморандум жасалған. Алматының кәсіптік білім беру саласы «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылады. ALMATY PROF SKILLS қалалық форумында нәтижелі еңбек еткен мамандар марапатталды. Биыл республикалық WorldSkills Kazakhstan шеберлік чемпионатында Алматы құрамасы бірінші орын алған. Соңғы жылдары Алматы колледждері халықаралық ынтымақтастыққа ден қойып отыр. Биыл 132 оқытушы АҚШ, Қытай және Сингапурда білімдерін жетілідіріп қайтты. 

Сәкен Аралбаев, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Сапалы мамандар дайындау үшін оған қолайлы жағдай орнату керек. Соған да байланысты Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен биылғы жылы біздің кәсіптік білім беру ұйымдарын толықтай қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 100% қол жеткізілді. Соның нәтижесінде біздің осы бағыттағы жұмыстарымыз оң нәтижесін беріп отыр.