ЖСДП жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты үндеу жасады

  • 10
  • 17.03.2026, 21:35

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты үндеу жасады. Астанада өткізген сараптамалық кездесуге жиналғандар республикалық референдумның ресми қорытындыларымен танысқанын және оны бағалайтындарын айтты. Саяси ұйым өкілдері енді Ата Заңда айқындалған талаптардың елдегі заңдарға сәйкестендірілуіне атсалыспақ. Бүгін партия белсенділері жер үлесі иелерінің және жеке қосалқы шаруашылықтардың құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді талқылады.  

Тазабек Сәмбетбай, ЖСДП төрағасының орынбасары:

- Жаңа Конституцияға деген халықтың үміті, аманаты зор. Сондықтан елдің бізге беріп отырған жауапкершілігін сезіне білу керекпіз. Әр салаға қатысты біздің өзіміздің пікіріміз бар. Әлеуметтік мәселелер білім беру саласына қатысты, медицина, жәр мәселесі, еңбек құқығы.