Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
  • 8
  • 30.06.2026, 19:15

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.