Қ. Тоқаев Халық Кеңесі туралы жарлыққа қол қойды

Қ. Тоқаев Халық Кеңесі туралы жарлыққа қол қойды
  • 49
  • 02.07.2026, 12:30

Мемлекет басшысы Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды.

Халық Кеңесі – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайды тарату арқылы құрылған жоғары конституциялық консультативтік орган. Құрамы 126 адамнан тұрады. Оның 42-сін Астананың, облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестері және этномәдени бірлестіктер атынан президент ұсынады. Кеңес ішкі саясат бойынша ұсыныстар әзірлеп, Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және референдум өткізуге бастамашылық етуге құқылы.

Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.